10.04.2024, 11:00
Оқылды: 151

Халықты барынша хабардар ету үшін әр 2 сағат сайын теле-радиоарналардан ақпарат таратылады – БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында 1155 тұрғын үй су астында қалып, 732 үйге тұрғындары оралды.

408 үйде адам тұрмайды. Ал 15 үйдің иесі жоқ. Автомобиль жолдарының 65 учаскесінде су толып, жол төсемі шайылды. Мұндай деректерді сағат түнгі 00.00-дегі мәліметке сәйкес, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев айтты, деп хабарлайды орталық коммуникациялар қызметі. 

66159d419b2b6029287464

Облыстың 2 ауданындағы 9 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып тұр. Бұл елді мекендерде азық-түлік және тұрмыстық заттар қоры жеткілікті. Жүзу құралдарымен өткел жасалды, тұрғындармен тұрақты негізде ақпараттық байланыс жүзеге асырылады.

Өңірде үш әуе кемесі дайын тұр.  Олар қажет болған жағдайда авариялық-құтқару жұмысын жүргізуге, сондай-ақ гуманитарлық көмекті жеткізуді жүзеге асырады.

Жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен азаматтарға арналған 161 уақытша орналастыру пункті бар. 19 пунктте 1801 адам, оның ішінде 777 бала бар. Эвакуацияланған халық ыстық тамақ және орналастыру орындарында бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілген.

Өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерін тарту арқылы облыстық жедел штабтың жұмысы өрістетілді. Осыған ұқсас штабтар Орал қаласында және су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс істейді. «Жедел желі» телефонына тұрғындардан 430-дан астам қоңырау келіп түсті және өңделді.

Су тасқынынан қорғау құрылыстарын нығайту жөніндегі іс-шараларға барлығы 4750 адам, 954 бірлік техника, 95 бірлік жүзу құралы, 332 мотопомпа және 3 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Су Ресей Федерациясы аумағынан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин қоймасына белсенді су жіберу жүргізілді. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасының Ресей Федерациясынан жіберілетін су көлемі біртіндеп азаяды. Дегенмен, облыста су басу қаупі жоғары деңгейде қалып отыр», - деп атап өтті спикер.

Жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен бірлесіп, елді мекендерді су тасқынына қарсы қорғауды нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі. Қорғаныс құрылыстары салынды, ұзындығы 33 шақырым, 250 мың дана қап төселді.

Халықты барынша хабардар ету үшін әр 2 сағат сайын теле-радиоарналардан ақпарат таратылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауда.

Фото: ortcom.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале