14.05.2021, 11:13
Оқылды: 209

Халықтың аманаты орындалуда

Кеше «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен партия филиалының кезекті ХХVII есеп беру – сайлау конференциясы өтті. 

5

Іс-шарада партияның облыстық филиалы мен бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдардағы жұмыс нәтижелері тыңдалды. Өңірлік филиалдың Саяси кеңесінің мүшелері сайланып, алдағы кезеңге міндеттер айқындалды. Облыстық конференция алдында 241 бастауыш партия ұйымында, 13 аумақтық филиалда есеп беру-сайлау конференциялары өткен.

Облыстық филиалдың төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдар аралығында атқарған жұмыстарына тоқталды.

Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға, Батыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасын орындауға байланысты алдағы кезеңдегі партия қызметінің басым мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ партия Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың сайланбалы құрылымдары, саяси кеңес, саяси кеңес бюросы және бақылау-тексеру комиссиясы өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанын атап өтті. Екі жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар да өңір басшысының назарынан тыс қалмады.

- "Nur Otan" – нақты  істер мен игі бастамалардың партиясы. Ел тұрғындары партияның қолдауын сезінуде. Партия қоғамдық қабылдаулар арқылы батысқазақстандықтардың өзекті мәселелерін назардан тыс қалдырмай, оларға нақты көмек көрсетеді. Біздің басты міндетіміз – халықпен кері байланысты қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау, - деді облыс әкімі.

1

Айта кету керек, 2019-2020 жылдары облыстың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 20 мыңнан астам азамат жүгінген. Екі жылда оң шешілген мәселелердің үлесі – 78, биылғы жылдың үш айында 39 пайызды құрады.

Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партиялық жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Оның айтуынша, "Ардагерлерді ардақтайық", "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы", "Құтты мекен", "Халыққа көмек" партиялық жобалары бойынша нақты индикаторлар мен түрлі мақсатты топтардың (ардагерлер, мүгедектер, жастар, балалар, ана мен бизнестің) проблемаларын жүйелі шешуге бағытталған тиімді жұмыс жүргізілген.

2

– «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Арба» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен қоғамдық бақылау тобы облыс орталығындағы 100-ге жуық нысан мен қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін тексерді. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда.

«Бақытты отбасы» жобасы бойынша тиісті мемлекеттік құрылымдар өкілдерінен тұратын жедел мобильді топтар құрылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы, толық емес, табыс-кірісі аз отбасындағы балалардың жағдайын мониторингілеу, бұдан әрі тиісті көмек көрсету бойынша қызмет атқаруда. Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен Орал қаласындағы халықаралық әуежайға Мәншүк Мәметованың есімін беру жөнінде ұсыныс ономастикалық комиссия жолданды.

4

Жалпы, облыс бойынша сайлауалды бағдарламаларды іске асыру бойынша жасақталған 14  жол картасы алдағы бес жылда 1498 индикатор мен 3541 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Биылғы жылдың өзінде 1,9 мың пәтер, төрт мектеп, тғыз спорттық нысан, екі мәдени нысан, бір медициналық мекеме салынатын болады. Жыл басынан бері тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ұлттық спорт ойындары өткізілді. Наурыз-сәуір айларында тазалық апталықтары жүргізіліп, бір мыңнан астам көшет отырғызылды. Партия атына түскен өтініштерге сараптама жасай отырып, 2019 жылы тұрғындарды тұрғын үй,  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту мәселелері толғандырса, 2020 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктерге, яғни несие төлемдері бойынша сұрақтар мазалағанын көреміз. Қазіргі күнде партиядан сайланған облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары үгіт-насихат уақытында жинақтаған аманаттарды біртіндеп шешуде, - деді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.

3

Конференция жұмысын қорытындылаған  өңір басшысы "Nur Otan" партиясының "Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әр ауданның, қаланың, облыстың жол карталарында бекітілген халықтың барлық өтініші мен ұсыныстарына бақылау ұйымдастырып, мінсіз орындалуына баса мән беру қажеттігін атап өтті.

 

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале