1.07.2023, 14:30
Оқылды: 115

«Халықтың көбі әлеуметтік көмек жайлы білмей жатады»: Дүйсенова цифрлық карта жайлы айтты

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумының панельдік сессиясында әлеуметтік сала туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

649d6dca63996206936032

Фото: gov.kz

«Мен өзім өңірде жұмыс істеген маман ретінде сіздерге сол өңірдің мәселелерін мұқият зерттеуді ұсынамын. Ауыл, аудан, қала болсын өңірлердегі әлеуметтік мәселені білу керек. Жұмыссыздық, жәрдемақылар, қаражатты қай салаға бөлу керек, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың саны қанша сынды мәселелерден хабардар болған абзал. Бізде сайт ашылды. Биылдан бастап цифрлық карта іске қосылды. Ол екі мәселені шешеді. Біріншісі – әлеуметтік көмек керек болса, оған қандай азаматтарды қосу керек деген сұраққа жауап береді. Екіншісі сол жердегі азаматтарға қандай көмек керегінің мерзімін атап беріп отырады», - деді ол.

Дүйсенова атағандай, көп азамат мемлекеттен қандай әлеуметтік көмек көрсетілетіні жайлы хабарсыз болады.

«Бүгінде халықтың басым бөлігі мемлекеттен қандай әлеуметтік көмек, жәрдемақы берілетінін білмей жатады. Бұл цифрлық карта аясында 800 мың смс-ті азаматтарға жолдадық. 655 мың адам проактивті қызмет алды», - деді Дүйсенова.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды. Бүгінгі Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале