28.07.2026, 14:45
Оқылды: 9

Хан тоғайындағы табиғи өрт толық сөндірілді

Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығының Хан тоғайы аумағында болған табиғи өрт толықтай сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы шамамен 18 гектарды құрады.

жп хан т
Сурет сайт архивінен 

Оқиға орнында барлық жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Өртті сөндіру жұмыстары екпінді желдің салдарынан қиындап, жалынның жылдам таралуына және өрт аумағының ұлғаюына әсер етті.

Күрделі ауа райы жағдайына және кейбір учаскелердің жетуі қиын болуына қарамастан, ТЖМ бөлімшелері орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп өртті жедел оқшаулап, кейін толықтай сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді.

Өртті сөндіруге 100-ден астам адам, 25 бірлік техника, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазавиаорманқорғау» РМК мен ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды. Авиация күшімен жалпы көлемі 68 тонна суды құраған 46 рет су төгу жұмыстары орындалды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале