16.09.2026, 23:00
Оқылды: 124

XX жазғы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының 558 спортшысы қатысады

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы

IMG_20260916_191508_724

Фото: DRSQazaqstan

Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады.

Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйек күні Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. Салтанатты шара Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Құрлықтық додаға Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс бағдарламасы бойынша 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның 53 спорт нысанында ұйымдастырылады. Жарыстар Аити префектурасы мен Нагоя қаласынан бөлек, Токио және Осака қалаларында, сондай-ақ Сидзуока мен Гифу префектураларында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале