28.08.2026, 10:00
Оқылды: 13

Замана тынысы сезіледі

«Жайық  ет»  ЖШС  компаниялар  тобының  бас  директоры,  танымал  кәсіпкер,  ел-жұртқа  жанашыр  меценат,  «Құрмет»  ордені  мен  «Ерен  еңбегі  үшін»  медалінің  иегері  Темірғали  Ескендіровтің  «60  белес:  Болашаққа  бағдар»  атты  кітабы  жарық  көрді. 

Белес

Бұл кітапты  оқыған  кісі  «Жақсылық  пен  қайырымдылық  жүйелі  жасалуы  керек,  сонда  ғана  адамзат  қоғамы  ізгілене  түседі»  деген  ұстанымдағы  айтулы  азаматтың  өмір  және  еңбек  жолына  қоса,  оның  отбасылық  құндылықтар  жөніндегі  ой-пікіріне  қоса,  іргелі  дүниетанымдық  көзқарастарынан  да  хабардар  болады.  Сонымен  қатар  еліміз  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  қатынастарға  көшкен  өтпелі  кезең,  өліара  шақтағы  кәсіпкерлікті  қалыптастыруға  қатысты  қадау-қадау  қиындықтардың  нанымды  баяндалуы  да  замана  тынысын  сездіреді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале