«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының мамандары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының, «КАЖсервис» ЖШС-нің және Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы өкілдерімен бірлесіп өңірдегі автомобиль жолдарын диагностикалау жұмыстарын жалғастыруда.

Жұмыс барысында көлік құралдарының орташа жылдамдығын автоматты түрде бақылау жүйесінің аркалары арасындағы қашықтық жоғары дәлдікпен өлшенді. Алынған деректер жүйенің дұрыс бапталуын қамтамасыз етіп, көлік құралдарының орташа жылдамдығын объективті бақылауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстар «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының жылжымалы жол зертханасының (ЖЖЗ) көмегімен жүргізілуде. Заманауи жабдықтар қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жоғары дәлдікпен өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Автомобиль жолдары мен жол инфрақұрылымын кешенді диагностикалау жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол желісін жетілдіруге ықпал етеді.
"ЖАСҰО" РМК БҚОФ баспасөз қызметі