24.08.2023, 9:00
Оқылды: 35

«Жайлы мектеп»: 2,4 трлн теңгеге 369 мектеп салынады

Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған, деп хабарлайды zhaikpress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

a31f4579-327e-4abe-a495-ff3148199bb2
Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр.

Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады.

217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале