24.08.2023, 14:45
Оқылды: 30

«Жайлы мектеп»: Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары бөлек ғимаратта оқиды

 «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

мектеп ш (1)

Көрнекі фото

«Ұлттық жоба аясында салынатын мектептер бұрын салынған мектептерден едеуір ерекшеленеді. Атап айтқанда, жайлы мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынып, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жабдықталады. 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушылары үшін ғимараттар бөлек блоктардан тұрады. Мектептің спорт залдары 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналасады. Олар оқушылардың санына сай есептеледі. Әрбір мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған арнайы шеберханалар, студиялар қарастырылады. Осы және басқа да өзгешеліктер балаларымыздың тағдыры мен құзыреттілігін жан-жақты дамытуға бағытталған», - деді ол Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, қалаларда және белсінді дамып келе жатқан перспективкасы бар елді мекендерде жобалық қуаты 300-ден 2500-ге дейін 369 мектепті салу арқылы 740 мың жаңа оқушы орнын құру жоспарланып отыр.

«Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қажет барлық нормативтік базаны әзірлеп, қолданысқа енгізді. Бұл ретте мектеп салу кезінде туындайтын көптеген проблема ұлттық жобада ескерілді», - деді Ғалымжан Молдаш.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале