23.12.2021, 11:20
Оқылды: 178

Жайық ақындарының жаңа жинақтары

Жуырда мемлекеттік тапсырыспен «Дәуір» баспасынан жас әрі жаңашыл ақындардың кітабы жарық көрді.

6

Тайпақ өңірінің тумасы Айбол Исламғалидің «Жетінші авеню» кітабына студенттік шақтарынан бастап осы кезге дейін жазылған өлеңдері енген. «Катарсис» атты алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққан Шерхан Талап та ойлы өлеңдерін, аудармаларын оқырманға ұсынып отыр. Асылан Тілегеннің «Хадиясына» сыршыл сезімге толы жырлары топтастырылған. Мәдениет және спорт министрлігі 3 мың данамен жарық көрген жинақтарды еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға жеткізбек.

5

Сондай-ақ, жақын арада «Тәуелсіздік сөзі» сериясымен алматылық 30 жас қаламгердің кітабы жарық көрді. Алматы қаласы әкімдігі және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен жүзеге асқан жобада жаңақалалық Шерхан Талап пен Асылан Тілеген де бар. «Абай» баспасынан 500 данамен жарық көрген «Адасқақ ойлардың аспаны» мен «Бойтұмар» аталмыш қаладағы кітапханаларға таратылмақ. Кітаптардың тұсаукесері 28 желтоқсанда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтің қатысуымен өтеді. Жас ақындарға шығармашылық табыс тілейміз!

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале