22.11.2018, 11:48
Оқылды: 60

«Жайық Пресс» медиахолдингі мен «IQ-arna» қоғамдық қоры ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Жайық Пресс» медиахолдингі мен «IQ-arna» қоғамдық қорының арасындағы  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 memorandum (13)

Маңызды құжатқа «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлы мен «IQ-arna» қоғамдық қорының жетекшісі Әйгерім Ағылтаева қол қойды. Қос тарап меморандум аясында тиімді жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

         -Өңірдегі журналистердің біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдай түсу үшін ортақ жобаларды жүзеге асырамыз. Құжат баспасөз саласындағы ынтымақтастықты нығайта түспек,- деді медиахолдингтің бас директоры Рауан Сәбитов.               

Айта кетейік, бұл рәсім аталмыш қоғамдық қордың АҚШ елшілігінің қолдауымен 20-21 қараша күндері Орал қаласында өткізген «Жаңалықты жеткізудің мультимедиалы жолдары» атты тренингінде жүзеге асырылды.

Екі күндік тренинг барысында халықаралық медиатренер, оқытушы журналист Асхат Еркімбай мен медиатренер Баубек Сағындық жергілікті тілшілерге қазақ журналистикасындағы мультимедианың жаңа қырларын үйретіп, қатысушыларға сертификат табыстады.

memorandum (12) memorandum (7) memorandum (5)

 

memorandum (8) memorandum (9) memorandum (10)

memorandum (3) memorandum (6)

memorandum (14)

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале