22.02.2023, 17:35
Оқылды: 906

"Жайық Пресс" ЖШС: 20 жылдық белес

Дәл қазір Орал қаласындағы "Атамекен" өнер орталығында "Жайық Пресс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты шара өтуде.

IMG-20230222-WA0125

2000 жылдардың басында жаңа заңға сәйкес, Қазақстандағы баспа ақпарат құралдарының бұрынғы форматын өзгерту қажеттігі туындады. Бұл өзгеріс өңірдегі екі ірі басылым «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерін және аудандық 12 газетті де айналып өтпеді. Ең басты мақсат – ғасырлық тарихы бар, оқырманның сеніміне ие болған басылымды сақтап қалу болатын.

IMG-20230222-WA0100

Дәл осы кездерде екі облыстық газеттің тағдырын сақтап қалу, жекеге өткізбеудің жолын табуды сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өз орынбасары Табылғали Сапаровқа тапсырады. Маңызды идеологиялық жүктемені алған Табылғали Сатқалиұлы бірнеше практиканы зерттей келе, қос газетті сақтап қалудың жолы деп осы «Жайық Пресс» коммуналдық кәсіпорнын құруды ұсынады. Ол ұсыныс қабылданады.

InShot_20230222_170049764

Міне, осы мекеме облыстағы ірі медиахолдингке айналды. Ал мекемені бүгінде Табылғали Сатқалиұлының өзі басқарып отыр.

Қазіргі таңда екі облыстық газет пен 12 аудандық газет, 1 ақпарат агенттігінің басын біріктіріп отырған серіктестік заман ағымына сай өз жұмысын жүргізіп келеді.

Бүгінгі шарада «Жайық Пресс» медиахолдингінің 20 жылдық мерейтойымен БҚО әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиев құттықтады.

IMG-20230222-WA0230

Облыс әкімінің марапаты ұзақ жылдар бойы осы салада еңбек етіп жүрген "Орал өңірі" облыстық қоғамдық-саяси газетінің техникалық сектор меңгерушісі Есполаева Жанат Жұмақайырқызына, "Приуралье" облыстық қоғамдық-саяси газетінің техникалық сектор меңгерушісі Кусенов Ренат Памирұлына, "Орал өңірі" облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бияшева Гүлсезім Ерболатқызына, "Приуралье" облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Каренских Галина Владимировнаға, "Сырым елі" аудандық қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Айташев Мүсірбек Әлібекұлыны, «Жайық таңы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы Шарапиева Әлия Серікқызына,  «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы Мұстафиев Бауыржан Ширмединұлына табыс етілді.

IMG-20230222-WA0232

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале