3.03.2018, 18:04
Оқылды: 98

Жайықтың Еділге қосылар күні жақын

Кеше облыс әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала, Қазталов, Ақжайық аудандарында жұмыс сапарымен болып, жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыстардың қарқынымен танысты.

Алдымен, Жаңақала ауданында болған облыс әкімі топтық су құбыры құрылысының қарқынын қадағалалап, құрылысшылармен кездесті. Сондай-ақ су көтеру насостық станциясының құрылысы жүріп жатқан Жуалыой елді мекенінде болып, Құлшық жер асты су қорының бұрғылау жұмыстарын көрді.

Айта кетейік, Жаңақала ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жайы көп жылдардан бері шешімін таппай келген түйткілдердің бірі болатын. Осы бағытта өткен жылы Жаңақала топтық су құрылысын жүргізуге қаражат қаралып, жұмысы басталған еді. Жобаның жалпы  құны 2,522 млрд. теңге болса, былтырғы жылы соның 550,0 млн.теңгесі республикалық  бюджеттен бөлінген болатын. Құрылыстың  бас мердігері «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-нің басшысы Валерий Крыловтың айтуынша, ұзындығы 150,54 шақырым болатын су құбырының бүгінгі таңда 140 шақырымы жерге көміліп,  құбыр тарту жұмыстарының 90 пайызы бітіп тұр.

-Аудан аумағындағы Құлшық құмынан жер асты суын тарту бүгінгі таңда ауданындағы ең маңызды да, ең үлкен құрылыстардың бірі. Бұл жобаның құрылысы ойдағыдай аяқталғанда ауданның сегіз елді мекені, яғни, аудан тұрғындарының 70 пайызға жуығы сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқтала келді. Құлшықта жер асты су қорының бұрғылау және электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Ауа-райы сәл жылынған соң сыйымдылығы 2000 текше метр болатын, екі деңгейлі су қоймасы салынып, қажет ғимарат тұрғызылатын болады. Қажетті құрылыс материалдары мен құрылғылар толықтай сатып алынды. Құрылыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айына белгіленген болса, біз мерзімінен бұрын, шілде айында толық тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз,-деді  мердігер компания басшысы Валерий Крылов.

«Жайықгидрогеология» ЖШС-нің бас директоры Бисен Дауымовтың айтуынша, Құлшық аумағындағы жер асты суының қоры 1991 жылы барлау жүргізу нәтижесінде белгілі болған. Өткен жылы Үкімет жанынан құрылған комиссия келіп, судың мөлшері мен сапасына сараптама жүргізіп, бекіткен болатын. Судың қоры 27 жылға жетеді деп жоспарланды. Өнімділігі тәулігіне 2130 текше метр болмақ. Бұл су қоры Бөкей ордасы ауданының шығыс бетін және Жаңақала ауданының батыс жағындағы ауылдарды таза әрі сапалы ауыз сумен қамтуға жеткілікті. Су 30 метр тереңдіктен шығады. Бұл жерде алты бірдей ұңғыма салынады. Сол арқылы Жаңақала аудан орталығы және оған барар жолдағы бір сыпыра ауылдардағы 17 мыңдай тұрғын таза сумен қамтылатын болады. Бұл көп жылдар бойы ауыз су тапшылығын  тартып келе жатырған аудан тұрғындары үшін зор қуаныш болмақ.

Бұдан соң аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан бойынша 2018 жылы жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жобасын таныстырды. Оның айтуынша, ағымдағы жылы ауданның Мәстексай, Жаңақазан аулдарындағы су құбырларын қайта құру, Сарыкөл, Жаңажол ауылдарына су құбырларын тарту жоспарланған. Сонымен қатар аудан орталығынан үш қабатты жалдамалы тұрғын үй салу, Жаңақазан, Жаңажол, Мастексай, Жаңақала ауылдарынан спорт алаңдарын салу, инженерлік инфрақұрылым тарту, бірқатар ауылішілік жолдарға орташа жөндеу мен лимандарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары да осы жылдың еншісінде екен.

IMG-20180302-WA0082Түстен кейін облыс әкімі Қазталов ауданында болып, Киров-Шежін су арнасының үшінші кезеңінің жұмыстарымен танысты.

Аталған аудан халқы үшін маңызды жоба саналатын су арнасының құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «Азиятехстрой» ЖШС мамандарының айтуынша, бұл жердегі басты мақсат - осы арна арқылы Жайық өзенінің суын Қараөзенге жеткізу. Сонда Ресейдегі Еділ өзенінен босатылатын 100 млн.текше метр суға жұмсалатын қаржыдан 30 млн. текше метр судың құны үнемделеді. Оған қоса төрт бірдей ауданның аумағын қамтитын 133 мың гектар суармалы жер пайда болып, шаруа қожалықтарының тынысы кеңейеді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Жалпы, Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінде орналасқан Киров су қоймасының бұл тармағы 180 шақырымнан асады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Су арнасы бойынан салынатын алты нысанның үшеуінің құрылысы толықтай аяқталған. Киров су қоймасынан тартылған канал енді 200 метр қазылған соң Қараөзенге қосылады.

Аталған жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айында болғанымен мердігер компания құрылысты ерте бітіруге мүдделі. Канал қазу жұмысымен танысқан облыс әкімі мердігер компания басшыларына құрылысты барынша тез аяқтап, көктем мезгіліндегі су тасқынын тиімді пайдаланып, Қараөзенге су түсіруді тапсырды.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков бірқатар елді мекеннің көгілдір отынның игілігін көре алмай отырғандығын айтып, газдандыру жобасымен таныстырды. Бүгінгі таңда ауданды көгілдір отынмен қамту 44 пайызды құраса, жобалық құжаты жасақталған ауылдарды газдандыру жұмыстары аяқталған соң көрсеткіш 77 пайызға жетеді.  Сондай-ақ аудан әкімі Қарасу, Көктерек ауылдарын таза ауыз сумен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқандығын мәлімдеді. Сонымен қатар Қазталов, Жалпақтал ауылдарындағы бой көтеретін тұрғын үйдің құрылыс, ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жайында баяндады.

Қазталов ауданының да ағымдағы жылға жоспары мығым. Олардың қатарында Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Қайыңды, Жаңажол, Та­ңат, Талдыапан, Сарықұдық, Қай­­ша­құдық, Қособа ауылда­рында ауыз су жүйесінің құрылыстарын аяқтау бар. Сонымен қатар Қазталов пен Жалпақтал­да ауыл­ішілік  жол­дарына күрделі жөн­деп, Қаз­талов ауылындағы саз мекте­бін салу жоспарда тұр. Оның сыртында Бозоба – Қайыңды бағытындағы Қараөзен өзені ар­қылы өтетін қалқымалы өткелді жөндеу, Қа­йыңды, Болашақ, Қа­ра­өзен, Көк­-
терек және Жаңа­жол ауылда­рында футбол ойын алаңдарын салу да биыл­ғы жылдың еншісінде. Бұнымен қоса Қазталов ауылын­да 900 орындық, Сары­құ­-
дық ауылында 60 орындық мектеп, Қараөзен ауылында 60 орын­дық балабақша салу үшін жо­ба­лық-сметалық құжаттары жасақта­лып жатса, Жұлдыз ауылын­дағы 108 орындық мектептің құры­-
лыс жобасы аяқталған. Сондай-ақ Қазталов, Жалпақтал ауылдарында екі қабатты 12 пәтерлі  алты тұрғын үй құрылысы және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер те­лімдеріне инженерлік-комму­ни­кациялық желілерін жүргізуге жо­балық-сметалық құжаттары жа­сақталуда. Ауданымыздағы 13 ел­ді мекенді көгілдір отынмен қам­ту үшін  жалпы құны  1, 653 млрд. теңгенің үш жобасы жасақталып отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық ауданында болып, Азнабай-Тайпақ суландыру жүйесін дамыту бағытындағы мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Мамандардың айтуы бойынша, көлемі 15 500 гектарды құрайтын Азнабай - Тайпақ суландыру жүйесінің құрылысы 1955 жылы басталып, 1959 жылы іске қосылған. Су арнасының ұзындығы – 224,38 шақырым. Кейін суландыру жүйесі бірнеше рет өзертіліп, ақыр соңында істен шыққан.

«Қазсушар» мекемесінің бас гидротехнигі Шынболат Ермағанбетовтың айтуынша, Жайықтың сол жақ бетін суландыру үшін арғы беттегі Ақжайық ауылының тұсынан су сорғыш насос қондырғыларын қойып, бұрынғы Жайық-Шалқар каналын қайта қалпына келтіру қажет. Сол канал арқылы суды Ащы өзеніне түсіріп, аталған өзен бойындағы су қоймасының деңгейін көтеру керек. Бұдан соң Ащы-Азынабай-Тайпақ каналын қайта қалпына келтіріп, жабдықтап, суды Өленті өзеніне түсіру қажет. Аталған өзеннің түбінде Аяқ деген бөгет бар. Сол бөгет бойындағы 50 шақырымдай канал арқылы Жайықтың арғы бетін 400 мың гектардай жерді суландыруға мүмкіндік бар.

-Бүгінгі жұмыс сапарымызды өңіріміз үшін маңызы зор үш жобаның жұмыстарымен таныстық. Жаңақала ауданының халқын таза ауыз сумен қамту шешімін таппай келген өзекті мәселелердің бірі болатын. Бүгінгі таңда министрліктермен бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде сол түйіткілдің оң шешімін таптық. Маңызды жобаны жүзеге асыру үшін екі миллиардтан астам қаражат қаралды. Аудан орталығынан 150 шақырымда орналасқан Құлшық деген жерден таза ауыз судың көзі табылып, су құбыры тартылуда. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың күз мезгіліне дейін толық аяқтауымыз керек. Аудан орталығына дейінгі сегіз елді мекен де осы таза судың қайырын көрмек. Сол арқылы Елбасымыздың Жолдауындағы халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары біртіндеп шешімін таппақ. Сондай-ақ Елбасымыздың тапсырмасымен өңірлерде ирригациялық құрылымдарды қалпына келтіру, сол арқылы ауыл шаруашылық саласының дамуына жол ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ен далаға су барса шаруалар мал басын көбейтуге, мал азығын молынан дайындауға мүмкіндік алады. Осы бағытта үкіметтен бөлінген 2 миллиардтан астам қаражатқа Киров-Шежін каналын салу жұмысы басталып, құрылыстың бүгінде үшінші кезеңі аяқталуға жақындады. Бұл су арнасы арқылы 180 шақырым жерде орналасқан Жайық өзенінің суын Қараөзенге жеткіземіз. Жоспар бойынша 30 миллион текше метр су баруы керек. Бүгін канал қазу жұмысымен танысып, құрылыстың қарқынды жүріп жатқандығына көз жеткіздік. Енді 200 метр қазылған соң арна Қараөзенге жетеді. Мақсатымыз - көктемгі суды тиімді пайдаланып, өзенге жеткізу. Құрылыс ойдағыдай аяқталған жағдайда 130 мыңнан гектардан астам жер суланатын болады. Бұл мал өсірумен шұғылданатын шаруа жандарға керемет мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ бұрын қолға алынып артынша қызметін тоқтатқан Ақжайық ауданындағы Азнабай-Тайпақ суландыру жүйесі жұмысымен де таныстық. Осы ауданда болып, шаруа қожалық басшыларымен кездескенде олар әр дайым су тапшылығын айтып жүр. Егер бұл каналға жан бітірсек Жайық өзенінің арғы бетіндегі 400 мың гектардан астам жерге су шығатын болады. Бүгінгі жұмыс сапарымызда каналды жандандыру туралы мамандардың пікірлерін тыңдадық. Жалпы ұзындығы 180 шақырымды құрайтын суландыру жұмысын да үш кезеңге бөліуді көздеп отырмыз. Наурыз айына жоспарланған мәслихат сессиясында бұл жобаға қаражат қарастырамыз. Осы айтылған үш ауқымды жоба іске асқан күнде аталған аудан халқына жақсы мүмкіндіктер туатын болады,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қазталов ауданына қарасты Жұлдыз ауылындағы жөндеуді қажет ететін мектепте болды. Облыс әкімі жобалық-сметалық құжатын толық дайындап, мектептің құрылысына болашақта қаржы қарастыру қажеттігін айтты.

          Нұрбек ОРАЗАЕВ,

Орал-Жаңақала-Қазталов-Ақжайық

Фото: Айбатыр Нұраш

IMG_4406 IMG_6840(1) IMG_6820 IMG_6838 IMG_6822 IMG-20180302-WA0067 IMG-20180302-WA0068 IMG-20180302-WA0077 IMG-20180302-WA0076 IMG-20180302-WA0074 IMG-20180302-WA0072 IMG-20180302-WA0070 IMG-20180302-WA0069 IMG-20180302-WA0078 IMG-20180302-WA0082 IMG-20180302-WA0089 28535541_10211163389733007_1349989898_n IMG-20180302-WA0089 28535325_10211163389773008_1813434850_n 28534772_10211163389893011_1216364221_n 28721710_10211163389252995_1552780598_n IMG-20180302-WA0089

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале