29.10.2021, 12:15
Оқылды: 243

Жайықтың жас көшбасшылары облыстық слетте бас қосты

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы 2021 жылдың 28-29 қазан күндері Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының «Ұланымыз ұлы елдің» облыстық көшбасшылар слетін ұйымдастырды.

8D685F93-2681-435D-87E3-1A63DFDF4398

Слеттің балалар әлеуметтік бастамасын қолдау, балалар ұйымдарын ынталандыру, балалар қоғамдық ұйымдарының, балалар қоғамдық қозғалыстарының мемлекет пен қоғам өміріндегі мәртебесін арттыру, балалар қозғалысы көшбасшыларының, өкілдерінің өзара әрекеттесуін және бірыңғай қарым-қатынасын қалыптастыруды мақсат етіп қойды.

A570594C-5791-43A2-A8D9-077FDD05F14A

Облыстық көшбасшылар слетінің бірінші күні Орал қаласындағы Оқушылар сарайында ашылу салтанатымен басталды. Слетке жалпы орта білім беретін мектептің 5-9 сынып оқушылары, өңірлік «Жас Ұлан» өкілдіктерінің 33 көшбасшысы және дебат қозғалысының пікірсайысшысылары қатысты. Жас көшбасшыларға слет басталу алдында «Дарын» қосымша білім орталығының психологтарымен «Бір қадам алға» атты тақырыпта тренинг өткізілді.

577329F0-6C5E-4FE9-B9BD-986D462D6E85

Слеттің ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Ф.А.Сулейменова, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы А.М.Гайсина, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ардагер ұстаз Ө.Қ.Құспанов, сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Елбасы медалі» жобасының координаторы А.П.Оразов құттықтау сөз сөйледі.

Слеттің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасын іске асыру аясында «Елбасы медалі» бағдарламасының Батыс Қазақстан облысы бойынша 16 қола медаль иегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. «Елбасы медалі» бағдарламасының Батыс Қазақстан облысы бойынша қола медаль және мемлекеттік грант иегері, қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Жасмин Машанова құттықтады.

B572A32B-0EFA-4B91-BBDC-BAC51DE7D22B

Кеш барысында республикалық «Дала сазы» байқауының, халықаралық «Жадыра жас дарын» фестиваль конкурсының лауреаты, Д.Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің «Әуен» вокалды тобының орындауында слетке қатысушы көшбасшыларымен бірге «Жасұлан» әні шырқалды.

2CFD2E0E-A323-4112-B7BC-0DC3D8A55C0D

Слеттің ашылу салтанаты жоспарланған бағдарлама бойынша «ECO party» атты тақырыпта «Атамекен» қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына, сонымен қатар «Туған өлкем-Aqjaiyq» тақырыбында түнгі мұражайларға, Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығы, М.Маметова, мұражайларына саяхатпен ұласты. Слеттің бағдарламасы ағымдағы жылдың 29 қазан күні өз жалғасын табуда.

Үміт Жәңгірова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале