21.10.2020, 20:32
Оқылды: 93

«Жайықжылуқуаттың» инвестициясы қалай жұмсалуда?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті «Жайықжылуқуат» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы бойынша міндеттемелерінің орындалу барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне бірқатар нысан бойынша баспасөз-турын ұйымдастырды.

20201021_202507

Аталмыш департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлжаз Қазбекованың айтуынша, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бойынша Орал қаласының жылумен жабдықтау жүйесін, жылу қуат орталығын, су тарту және қазандықтар жабдықтарын реконструкциялау және жаңғыртуға 2,9 млрд теңге, соның ішінде 2020 жылға 186 млн теңге бөліп, игеру жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Болат Батаев Құрманғазы көшесі 150 мекен жайындағы жылу алмасу пунктіндегі аутоматтандыру жұмыстарының жайымен таныстырды. Шаһардағы осындай 68 жылу алмастыру пунктінің 33-і аутоматтандыру құрылғыларымен алмастырылуда. Бұл жұмыстарға инвестицялық бағдарлама бойынша 21 млн теңге бөлінген.

Аутоматтандыру жұмыстары биылғы қыркүйек айында басталған және осы жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы тиіс. Аутоматтандырылған жылу алмасу пункттері орталықтандырылған диспетчерлік пунктке қосылмақ. Сонда аталмыш пункттерде еңбек етіп жүрген 132 оператор жұмысынан қысқартылып, кәсіпорын ішіндегі слесарьлық, бақылаушы секілді басқа жұмыстарға ауыстырылады.

Көктемгі-жазғы маусымда кәсіпорын жұмысшылары қаланың шағын аудандары ішінде және Магистральная, Ашхабад көшелеріндегі 1,9 шақырымдық мырышталған болаттан жасалған жер үсті жылу құбырларындағы жылу оқшаулағышты қалпына келтірді.

20201021_202522
Инвестициялық бағдарлама бойынша бұл бағыттағы жұмыстарға 9,5 млн теңге жұмсалды. Б. Батаев темір жол бойына және жеке тұрғын үйлерге жақын жылу құбырларындағы мырышталған болаттан жасалған жылу оқшаулағыштың 112 метрі ұрланғанын айтты. Алайда мемлекеттің мүлкін ұрлаған ұрылар әлі табылмаған.

«Жайықжылуаттың» инвестициялық бағдарламасы аясында Орал жылу қуат орталығына 8,9 млн теңгеге трансформатор, 36,05 млн теңгеге үш орталықтан тепкіш консоль сорғылары, 29,4 млн теңгеге реттелетін дроссель шайбалары, 16,7 млн теңгеге ыстық сумен жабдықтау жүйесінің пластиналық жылу алмастырғыштары, №2 Бу турбинасын күрделі жөндеу үшін 5 млн теңгеге қосалқы бөлшектер сатып алынған. Сонымен қатар 3,2 млн теңге шамасындағы инвестқаржыға электр қозғалтқыштары бар 22 сорғы сатып алу үшін тендерлік процедура жүргізілуде.

Гүлбаршын Әжігереева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале