5.02.2021, 12:18
Оқылды: 496

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтеді

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2021 жылғы 8-12 ақпан аралығында өткізілмек.

F78EA2CA-6648-465C-B3DB-6F717C00012D

Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Аудандық кезеңге облыс бойынша 4645 оқушы қатысқалы отыр, оның ішінде аудан мектептерінен - 3014, Орал қаласы мектептерінен - 1346 және облыстық мектептерден - 285.

Биылғы жылы олимпиада өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып онлайн немесе офлайн тәртібінде өткізіледі.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық циклі және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі.

Қосымша ақпарат бойынша «Дарын» қосымша білім орталығына хабарласыңыздар.

Орталықтың байланыс телефондарын біздің zko.daryn.kz сайтынан табуға болады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале