11.05.2021, 8:51
Оқылды: 172

Жамбыл ақынның сөз өрнегі

Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың  әдеби шығармашылық мұрасын ХХІ ғасыр биігінен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қайта қарап, зерделеп, тың пайымдаулар мен тұжырымдарға келу қажет-ақ. Телегей теңіз жыр мұрасын қалдырған, сөз даңғылы Жамбыл шығармашылығына сын көзбен қарап, Кеңес үкіметінің қолдан жасаған тұлғасы емес пе екен деушілер де бар. В. Лениннің «Л.Толстой – орыс революциясының айнасы» деген сөзіне сүйенсек, сөз жоқ Ж.Жабаев екі дәуірді, патшалық Ресейдің отарлау заманы мен Кеңес үкіметінің орнауын, екі үкіметтің де ұлы далаға әкелген жаңалығы мен зардаптарын өз көзімен көрген, жүрек сүзгісінен өткізген, өз заманының куәгері. Сондықтан ақын шығармашылығын зерттеуде ол өмір сүрген өтпелі кезең, өлара шақтар тұрғысынан көз жіберу керек.

F7EDF547-8037-4CB1-AA50-7D0CEC2A6D1C

Жамбыл Жабаев – Кеңес  үкіметіне дейін ақын болып, қырғыз-қазақ жұртына танылған адам. Өз өлеңін, айтыстарын ғана емес, өзіне дейінгі ақын-жыраулардың мыңдаған жол жыр-дастандарын жатқа білген. Сондықтан да Сәкен Сейфуллин  «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық  борышымыз», – деген.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 11 мамырдағы  №38 санынан оқи аласыздар.

Мұрат Сабыр,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале