6.06.2022, 16:15
Оқылды: 90

Жаңа дәуірге аяқ бастық

Референдум өте жоғары деңгейде өтті. Қазақстандықтардың 78,3 пайызы өзгерістерді қолдап, дауыс берді. Бізді алда жауапты міндеттер мен үлкен өзгерістер күтіп тұр. Елдің болашағы үшін аса маңызды жаңа дәуірге аяқ бастық. Ең бастысы – Ата Заңға енгізілетін толықтыруларды халық қолдады.

12

Өзім де дауыс беріп, ағайын-туманы, дос-жаранды, жақын-жуықты осынау саяси науқанға атсалысуға шақырдым. Енді нақты нәтижеге жету бағытында көп жұмыс жасап, біраз шара өткізуге міндеттіміз. Халық сөзінің қашанда салмағы бар. Жоба-жоспарларды тағы бір пысықтап, ауырбіршілікпен, бірлікпен іске кірісейік. Мұндай тарихи сәтте барша қазақстандық бөркін аспанға атып, қуануға тиіс. Даму, өркендеу жолында жаңа бір сатыға көтерілген ел азаматтарын шын жүректен құттықтаймын!

Феликс Баюканский,

«Ламед» еврей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале