14.12.2022, 16:45
Оқылды: 60

Жаңа механизм бойынша алдын ала бір жылға сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?

Әр айға жеке-жеке 3 000 теңгеден, яғни 12 төлем жасау керек. 12 айға 36 000 теңге шығады. Бұдан бөлек, ескеретін жайт, 12 айға бір төлеммен аударуға болмайды. Себебі жүйе әр айды бөлек есептейді. МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банк, банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады.

1

Мәртебе қашан пайда болады?

Егер МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесі ағымдағы айдан бастап керек болса, онда ағымдағы айды қоса алғанда, жарналарды 12 ай үшін төлеу қажет («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 30-бабы, 7-тармағына сәйкес мәртебе жарналар төленген күннен бастап 12 айға беріледі)

Мысал: сіз қазан айында жарналарды 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін төлейсіз. Сақтандыру мәртебесі қазан айында беріледі және барлық төленген кезеңге сақталады. Сонымен бірге, МӘМС аясында медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтау үшін қосымша 3 ай кезең беріледі («МӘМС туралы» ҚР Заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес). Алайда бұл берешекті жабу керек болады.

Егер мәртебе алдағы кезеңге қажет болса, онда жарналарды алдағы айдан бастап көрсетіп төлеу қажет.

Мысал: сіз қазан айында 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қазаны аралығында жарналарды төлейсіз. Мәртебе 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап пайда болады және барлық төленген кезеңге сақталады. Сонымен қатар, сіз қосымша 3 ай сақтандырылған боласыз. Бірақ сол 3 айдың қарызын жабу керек болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы төлемдерді 2-3 күн ішінде өңдейтінін ескеру керек.

Мәртебе мен төлемдерді тексеру

Төлемдердің болуы және келесі жылға мәртебенің берілуі туралы ақпаратты сақтандыру мәртебесі тексерілетін тәсілдер – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Қордың fms.kz ресми сайты немесе SaqtandyrýBot Telegram арнасы арқылы алуға болады.

Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты eGov.kz электрондық үкімет порталынан «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы алуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале