22.08.2023, 9:15
Оқылды: 72

Жаңа оқу жылында алғаш рет ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді

​​ҚР Оқу-ағарту министрлігі ауылдық мектептердің дарынды, талантты оқушыларын анықтау, оларға қолдау білдіру, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы енгізуде. Мұндай интеллектуалды сайыстар жаңа 2023-2024 оқу жылында алғашқы рет өткізіледі.

IMG-20230822-WA0008

Министрліктің хабарлауынша, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Ол аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады.

Қорытынды кезеңнің қатысушылары Республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады.

І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады.
Сондай-ақ тәлімгер-ұстаздар үшін де дайындық жиындарын өткізу жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале