27.04.2021, 0:18
Оқылды: 111

Жаңа спорт орталығы

Орал қаласындағы Х.Доспанова көшесінде («Юбилейный» аялдамасы ауданында) қазақ күресі мен жекпе-жек орталығы ашылды.

сс

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, ұлттық спортты дамыту, жасөспірімдерді қазақ күресіне баулу мақсатында ашылған спортзалдың жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Орталық жаттығу залы, қыздар мен ұлдарға арналған киіну орны мен жуынатын бөлмеден тұрады. Орталықта күніне үш топта жалпы саны 120 жасөспірім жаттығатын болады. Жаттығулар тегін әрі сабақтан тыс уақытта өтеді.

Орталықтың ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Галиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, «Qazaq kuresi» ассоциациясының басқарушы директоры Ербол Мырзабосынов қатысып, жаңа орталықтың  жұмысына сәттілік тіледі.

 

zhaikpress

Сурет championat.com сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале