30.12.2020, 18:23
Оқылды: 294

Жаңа жылда – жаңа баспана

Жаңа жыл қарсаңында Орал қаласының солтүстік-шығыс ауданында салынған тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 216 жанұя жаңа баспанаға қол жеткізді.

 IMG-20201230-WA0020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отбасылық табыстың түрлі деңгейіне сай келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сай облысымызда тұрғындарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде.

IMG-20201230-WA0013

Соған сәйкес, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізінде жүзеге асырылған тұрғын үй кешені баспана кезегінде тұрған І, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар мен тыл ардагерлері, сондай-ақ көпбалалы отбасыларына берілуде.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев келіп, қуанышты жаңалықпен арнайы құттықтады.

IMG-20201230-WA0018

- Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Ең алдымен баршаңызды келіп жеткен жаңа жылмен құттықтаймын! Биылғы жыл қиындықтарға толы болғанымен, жетістіктері көп жыл болды. Бүгін міне, сондай игі істердің біріне куә болғалы отырмыз. Тұрғын үй саласы әлеуметтік маңызға ие басты мәселенің бірі. Халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың жайлы тұрмысы үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы дайындалған болатын.

IMG-20201230-WA0012

Бүгін аталмыш бағдарлама аясында бірқатар өңір тұрғындары өз шаңырақтарына ие болуда. Бұл ел игілігінің артқандығының белгісі, мемлекет саясатының нәтижесі. Осындай қуанышты сәттер көп болғанын қалаймыз. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасымен салынған үйлер. Бұл үйлер мемлекеттің жалға берілген үйі болса да сіздердің үйлеріңіз болып есептеледі. Жалдамалы ақылары қолжетімді. Бұның бәрі сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалып отыр. Бұл тұрғын үй кешені мемлекеттік қолдауды қажет ететін тұрғындарға берілді, 216 пәтердің 72-сі көпбалалы отбасына берілді. Үйлеріңізде жақсылық пен қуаныш салтанат құрсын, жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Аталмыш тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын «СКФ Отделстрой» ЖШС жүргізген.

IMG-20201230-WA0016

Бұл көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын 2018 жылы бастаған болатынбыз. Тұрғындар жөндеу жұмыстары толық аяқталған, жайлы және ыңғайлы баспанаға кіретін болады. 216 пәтердің 72 пәтер екі бөлмелі, 144 пәтер бір бөлмелі. Мұнда 10-15 жылдап тұрғын үйге кезекке тұрған мұқтаж жандар көп, солар жылдамырақ баспаналы болсын деген ниетпен жаңа жыл қарсаңында құрылыс жұмыстарын аяқтауға бар күшімізді салдық, - деді «СКФ Отделстрой» ЖШС Валентина Михно.

IMG-20201230-WA0019

Тұрғын үйге қол жеткізгендердің бірі Насихат Сарбеков 15 жылдан үй кезегінде тұрғанын айтып, баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік берген облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

IMG-20201230-WA0014

- Баспанаға қол жеткізу – әр қазақтың арманы. Бүгін 15 жыл бойы армандаған пәтерімізге қол жеткізіп, отбасымызбен қуанып жатырмыз. Өзім ІІ топтағы мүгедекпін, бес баланың әкесімін. Әр қазаққа баспаналы болу бұйырсын! - деді қала тұрғыны Насихат Сарбеков.

 

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале