Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: pixabay.com
ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында жаңа егіннің астық экспортының көлемі 4 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 57%-ға артық.
Өзбекстанға жаңа егіннің астық экспортының өсуі 45%, Тәжікстанға - 57%, Ауғанстанға - 51%, Қырғызстанға - 19%, ҚХР - 10% құрады.
Иран мен Әзірбайжанға қазақстандық астық жеткізілімі едәуір ұлғайды: Иранға экспорт 30 есеге, 15 мың тоннадан 455 мың тоннаға дейін өсті, ал Әзірбайжанға 188 мың тоннаны құрады.
2025 жылдың басынан бері 558 мың тонна астық экспортталды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 8%-ға артық. Иранға экспорттың өсуі 18,2%, Өзбекстан мен Түрікменстанға-4% құрады, ал Қырғызстанға жеткізілім 4,2 есе ұлғайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ 8,1 млн тонна астық экспортталды.
Өзбекстанға жеткізілім 3,3 млн тоннаны, Тәжікстанға - 1,2 млн тоннаны, Қырғызстанға - 140 мың тоннаны, ҚХР - 1,7 млн тоннаны, Ауғанстанға - 289 мың тоннаны, Иранға - 526 мың тоннаны, Әзірбайжанға - 211 мың тоннаны құрады.