Биылғы жылдың наурыз айында еліміз тарихи қадам жасап, азаматтардың 87,15%-ы жаңартылған Ата заңды қабылдауды қолдады. Мен бұл таңдауды толық қолдайтынымды және аталған реформаны аса қажет деп санайтынымды ашық айтқым келеді.

Институционалдық трансформация. Өзгерістер Конституция мәтінінің 80%-дан астамын қамтыды. Бұл жай ғана түзетулер емес, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы супер-президенттік басқару моделінен нақты бас тарту.
Адами капитал – басты басымдық. Конституцияның жаңа редакциясында білім беру, ғылым және инновацияларды дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде нақты бекітілді. Бұл – біздің болашағымызға салынған инвестиция.
Заң үстемдігі. Құқықтық сауаттылық пен нақты құқықтық қағидаларсыз «Әділетті Қазақстанды» құру мүмкін емес. Жаңартылған Ата заң адам құқықтарын қорғау мен мемлекеттік құрылымдардың халық алдындағы есептілігін басты орынға қояды.
Бірлік пен тұрақтылық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоғамның ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуы – қуатты мемлекеттің бірден-бір жолы.
Бұл халықтық Конституция – өркениетті негізгі мұрат тұтып, бәсекеге қабілетті әрі әділетті елді дамытудың берік негізі. Ендеше, алға қадам басып, болашағымызды бірге қалыптастырайық!
Олег Шапкин,
«Орал-Жайық казактары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы