31.01.2020, 15:19
Оқылды: 74

Жәңгір хан университетінде ғалым Әскерғали Шамғонов атындағы дәрісхана ашылды

Жәңгір хан университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде профессор Әскерғали Шамғонов атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Бұл күні ғалым 79 жасқа толар еді.

bqatu shamgonov (3)

Ғалым атындағы дәрісхананың ашылуына Әскерғали Шамғонұлының туған-туыстарымен достары, әріптестерімен шәкірттері қатысты. Дәрісхананы жабдықтауға үлес қосқан да – солар.

Әскерғали Шамғонұлы – Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) алғашқы түлектерінің бірі. Ол 1968 жылы ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы 50 маманның қатарында болып, үздік дипломмен тәмамдаған.

bqatu shamgonov (2)

Институтты бітіргеннен кейін Ә.Шамғонов білім алған ордасында қалып, университетте 50 жыл, ғұмырының соңына дейін, қызмет етті. Мемлекет пен өңір экономикасының дамуына үлес қосты.

Профессор Ә.Шамғоновтың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық және магистрлік диссертациялар, 350-ге жуық дипломдық жұмыс қорғалды. Әскерғали Шамғонұлы – экономикалық және бухгалтерлік есеп мәселесі бойынша 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.

bqatu shamgonov (1)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Жайнагүл Сағидоллақызы

Жәңгір хан университетінің медиа орталығының маманы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале