31.01.2020, 15:17
Оқылды: 113

Жәңгір хан университетінде Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған тарихи танымдық кеш өтті

Жәңгір хан университетінде «Еленбеген ерлік» тақырыбымен жеңістің 75 жылдығына арналған тарихи танымдық кеш өтті.

bqatu (4)

Отан үшін отқа түскен батыр, ақын Абдолла Жұмағалиевтің өмірі мен өлеңінен, аңыз боп жеткен ерлігінен сыр шерткен шараны «Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі – Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі ұйымдастырды.

Қасым Аманжоловтың әдеби кейіпкері, жерлесіміз Абдолла Жұмағалиев – Мәскеу түбінде ерлікпен қаза тапқан қаһарман. Ақын Абдолланың командирі В.Григорьев, журналист И.Нарцисов, ақын П.Кузнецов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Молдағалиев, жазушы Д.Снегин, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Қ.Бекқожинның жазғандарына қарап қоршауда қалған Абдолланың асқақ ерлігін білеміз.

bqatu (2)

Қадыр Мырза Әли: «Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы әлі сөнген жоқ. Сөнбек те емес. Ол – мәңгілік алау!», - дейді.

-Ерлікпен қаза тапқан, аты аңызға айналған ақын, батыр Абдолла Жұмағалиевке жеңістің 75 жылдығы қарсанында «Халық қаһарманы» аты берілсе дейміз. Отандастарымызды бұл ұсынысқа пікір білдіріп, қолдауға шақырамыз! - деді Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің директоры Нұржан Төлепов.

Жайнагүл Сағидоллақызы

Жәңгір хан университетінің медиа орталығының маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале