1.11.2023, 16:00
Оқылды: 66

Жәнібек ауданы: құрылыста қарқын бар

Құрылыс саласы қашанда экономиканың басты өрге сүйреуші күші болып қала береді. Жәнібек ауданында құрылыс саласы мемлекеттің қолдау-көмегінің арқасында қарқынды дамуда. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аталмыш аудан әкімі Тимур Шыниязов осы тақырыпта әңгімеледі.

жп жол (1)

Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайды. Оның 30 шақырымы өткен жылы жөндеуден өткен. Биыл аудандық маңызы бар жолдарға асфальт төселінген. Жалпы 70,5 шақырым жолға жөндеу жүргізілді.

- Жәнібек – Талов – Кіші Өзен автожолының 27-33, 33-48 шақырымдары орташа жөндеуден өтті. Қамысты ауылына кіреберіс 14,8 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, Ақоба ауылына кіреберіс жолдың 8 шақырымы асфальтталды. Бұл жұмыс келесі жылы жалғасын табады. Алдағы жылы Жәнібек – Талов – Кіші Өзен жолының 92-128 шақырымына, Борсы, Тау және Еңбекші, Құрсай, Көлтабан ауылдарының кірме жолдарына жол салу жұмыстары басталады, – деді Тимур Серікұлы.

Спикер ауданда ауылішілік жолдарды жөндеу жұмысының қарқын алғанын айтты. Биыл аудан орталығындағы екі көшеге 3,3 шақырым жол салынып, бір көшеде құрылыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы аудандағы 4 көшенің 6,5 шақырым жолы салынады. Бұл жұмыстың нәтижесінде аудан орталығы 63 %-ға асфальтталады.

Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда. Әзірге 11 ауылда су құбыры тартылған. Биыл Көлтабан, Құрсай, Өнеге, Жұмаев елді мекендеріне сумен қамтитын модульді кешен орнатылған. Еңбекші ауылында су құбыры құрылысы жүруде. Осы жұмыстар аяқталған соң аудандағы елді мекендер ауыз сумен қамтылады. Ал Ақадыр, Жігер елді мекендерін сумен қамту тиімсіз, өйткені қос мекендегі тұрғындар саны 50 адамға жетпейді. 2024 жылы Борсы, Жасқайрат, Тау ауылдарындағы су құбырларының тозуына байланысты оларды жаңғырту жұмысының жобалық-сметалық құжаттамалары жасалады.

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале