12.12.2021, 21:10
Оқылды: 162

Жәнібек ауданында көптен күткен спорт кешені пайдалануға берілді

Жәнібек ауданы орталығындағы іргетасы 2019 жылы құйылып, сақалды құрылысқа айналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. «Сақалды құрылыс» деп отырған себебіміз, кешен құрылысы біздің ауданмен қарайлас басталған көршілес Жаңақала ауданында былтыр мамыр айында, ал бізден кейін басталған Бөкей Ордасы ауданында биылғы қаңтар және Казталов ауданының Жалпақтал ауылында шілде айында пайдалануға берілді.

4B5BEEFA-C213-4A03-BCDE-BE593E010D7F

Ал біздегі аталмыш құрылысты өз мойнына алған мердігер - "Марасант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстың жауапкершілігін сезінбей, құрылысты сағыздай созып жүріп алды. Жұмысын уақытылы орындамай, кестеден кешіктіргені үшін облыс әкімі ауданымызға жұмыс сапары кезінде келгенде ескерту берген болатын. Нәтижесінде тапсырыс беруші ҚПО б.в. компаниясы құрылысты мерзімінен кешіктірген "Марасантпен" арадағы келісімшартты бұзып, құрылысты әрі қарай мердігер - "Наурыз" құрылыс коммерциялық фирмасы" ЖШС жалғастырды.

F9F50C8B-843C-46CE-9EA5-610CA8658338

Енді, міне, араға жылдар салып, Жәнібек ауылының шығыс беткейінен, ауылға кіреберіс күре жолдың оң қапталынан бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына куә болдық.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы келіп қатысты. Спорт кешенінің алдына керілген лентаны қию рәсімін Ғали Нәжімеденұлы мен еңбек ардагері Ғайнөш Дегетаев атқарды. Қазақтың салт-дәстүріне сай шашу шашылды. Ішке кірген өңір басшысы спортшылар мен осы шараға жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен және спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

F679C02F-D3C2-4E36-9EF6-9C45DBE7BFCD

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезінде жүз дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау үшін екі жылда алты спорт кешенін салдық. Алдағы уақытта тағы алты кешеннің құрылысын бастайын деп жатырмыз. Басты байлық – денсаулық демекші, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысу керек. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр. Міне бүгін сіздің ауданда спорт кешені пайдалануға беріліп отыр. Осы орайда ҚПО б.в. компаниясына алғысымды білдіремін, - деді ол өз сөзінде.

Одан кейін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов сөз сөйледі.

18F88955-98D0-4041-8157-9568E19C0BCC
- 160 көрермен-орынға лайықталған спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол ойындарына арналған спортзал, жаттығу залы, екінші қабатта күрес залы, киім ауыстыратын, жуынатын орындар, жаттықтырушыларға арналған, медициналық бөлмелер орналасқан, - дейді дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры міндетін уақытша атқарушы Елтай Әубекеров.

F2983F3A-7C57-4651-815A-8F40733D1E2D

1915E942-EE9B-4E74-A00B-E40AE0039A05
10A7F2CF-09CE-417F-8A38-77AAB1C03B60
FE7133B0-2BA2-40FA-AD8A-E5C591FCD41C
Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале