26.12.2022, 15:30
Оқылды: 83

Жәнібек ауданының мәслихат депутаттарымен кездесті

Бүгін түстен кейін ҚР Парламент Сенатына үміткер, облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов Жәнібек аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 15.26.10

Басқосуды жүргізген үміткердің сенімді өкілі, аудан азаматы Ескендір Елемесов кандидаттың еңбек жолымен таныстырып өтті.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 15.25.44

-Осы уақытқа дейін Парламент Сенатына депутат ретінде сайланған жерлестеріміз еліміздің, соның ішінде өңіріміздің күрделі мәселелерінің оң шешілуіне барынша атсалысып келді. Мен де осы өңірде туып-өскен, әр салада жауапты еңбек атқарған адаммын. Сондықтан облыстағы түйткілді мәселелер маған жақсы таныс. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, халықтың тұрмыс-тіршілігін жетілдіру үшін инфрақұрылымдарды жетілдіре түсу секілді ауқымды мәселелер бар. Жалпы әр өңір өз халқына қажетті ет, сүт, көкөніс, жұмыртқа, құс еті секілді өнімдерді өздері өндіру де бүгінде өзекті болып отыр. Ол үшін шаруаларға көп қолдау қажет. Алдағы уақытты сенаторлыққа сайланып жатсам ауылдық жердегі осы және басқа да түйткілдерге болашақта аз да қолдау көрсетсем деймін,- деді Арман Кәрімұлы.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 15.25.45 (1)

Кездесуде сөз алған халық қалаулылары өз аудандарына қатысты бірқатар мәселелерді тілге тиек етіп, үміткерге бірауыздан қолдау білдіретін жеткізді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале