14.10.2020, 18:08
Оқылды: 111

Жәнібекте кәсіпкерлікке ұмтылушылар көп

Жәнібек ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 61 адамды оқыту жоспарланып, іс жүзінде 97 адам кәсіпкерлікке оқуға ынта білдіріп, оқып шыққан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Азамат Сафималиев баян етті.

жанибек брифинг сафималиев

Аудан әкімінің баяндауынша, ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстарында оң нышандар басым. Бағдарламаның 1-бағыты бойынша биылғы жоспар бойынша 15 адам М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжіне «тракторшы» мамандығына 3 айлық курстарға жолданды. Бұл бағытқа бөлінген 3,8 млн теңге толықтай игерілді. 2-бағыт – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 61 адамды оқыту жоспарланып, 97 адам оқып бітірді. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытына 39 адамға несие беру жоспарланып, бүгінгі күнге 17 адам несие алды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 110 адамға беру жоспарланып, бүгінде олардың 104-і гранттық қаржы алды. 3-бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша:

- 30 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған. Күні бүгінге 20 жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастыруға келісімшарт жасалып, 30 адам уақытша жұмысқа жолданды (100%);

- 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 157 адамды жастар тәжірибесіне жолдау межеленсе, 42 жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, нақты 108 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жолданды (68,8%);

-340 адамды қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, нақты 337 адам жолданған (99,1%). Тұрақты жұмыспен қамту жоспары 531 адамды құраса,  бүгінде 291 (54,8%) адам жұмыспен қамтылған.

Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп, 21 мектепке дейінгі ұйым, 3 қосымша білім беру ұйымы балаларға тәрбие мен білім беруде. 2019-2020 оқу жылын 2553 оқушы аяқтады. Оның ішінде 114 мектеп түлегінің 103-і ҰБТ-ға қатысып, 58-і мемлекеттік грант иегері атанды. Ауданда білім саласы бойынша мекеме-кәсіпорындардың материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдаламасы аясында Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы орта мектеп-балабақшасы, Тау ауылындағы Ғ.Абдуллин атындағы орта мектеп, Қамысты ауылындағы «Балбұлақ» бөбекжай ғимараттары күрделі жөндеуден өтуде. Жәнібек ауылындағы А. Оразбаева атындағы негізгі мектептің қосымша ғимараты жаңартылып, жаңа асхана іске қосылмақшы. Сонымен қатар Жәнібек ауылындағы №1 мектеп-лицей ауласында спорт алаңы салынды.

Биыл «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттар мен түлектердің көмегімен Жәнібек ауылында атқа міну сабақтарын ұйымдастыру және мүгедек жандарды иппотерапия әдісімен емдеу мақсатында «Ат спорт кешені» ашылды. Жобаға 1980 жылғы мектеп түлектері демеушілік көрсеткен. Жоба құны 15 млн теңге. Жақсыбай ауылының 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері ауылдастарына ерекше сый жасады. Олар Жақсыбай көліндегі аспалы көпірді жөндеді. Көпірді күрделі жөндеуге 500 мың теңге жұмсалды.

Ауданда табиғи газбен 16 елді мекен, ауыз сумен аудандағы 18 елді мекеннің 9 ауылдық округ орталығы және бір елді мекен қамтылған. Өткен жылдан бастап Борсы ауылдық округіндегі Тегісшіл ауылында ауыз су құбырын тарту жұмыстары  басталды.  Бүгінде ауылішілік ауыз су құбыры 60 тұрғын үйге, 4 әлеуметтік нысанға толығымен тартылды. Аталмыш округтегі Майтүбек және Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту 2021 жылға жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттамасы дайын және сараптамадан өткен. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы мектеп ғимаратының ауласына спортзалдың құрылысы салынуда. Аталған бағдарлама аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 18 адам жұмыспен қамтылған. Нысан құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады.

Тұрғын үйге мұқтаж тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында Жәнібек ауылында 2 қабатты 12 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің іргетастары құйылуда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2021 жылға жоспарланған. Биыл жазда Ұзынкөл ауылдық округіндегі Жәнібек (ССЖ) суландыру каналдарын реконструкциялау жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын жылдың аяғына таман аяқтау жоспарланған. Жалпы 40 шақырым суландыру каналы жөнделіп, 700 метр жаңа канал қазылады.

- 2019 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша ауданнан тоғыз азамат Орал қаласынан, екі азамат Жәнібек ауылынан тұрғын үй сатып алды. Биыл төтенше жағдай енгізілгенге дейін ауданымыздан
12 азаматқа жолдама беріліп, соның ішінен бір азамат құжаттарын рәсімдеп, банк тарапынан оң шешім алды,  - деді Азамат Сафималиев.

 

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале