22.10.2022, 9:17
Оқылды: 31

Жәнібектің жеткіншектері – жеңімпаз

«Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде Виктор Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» туриадасы өтті.

ффт

Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың туризмге деген қызығушылығын ояту және спорттық қарым-қабілеттерін шыңдау.

Жарыста Орал қаласындағы мектеп оқушылары мен БҚО-ның 12 ауданынан 91 қатысушы бақ сынады. Оларға облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының әдіскері  Ұлан Халенов, туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімінің меңгерушісі Кәмшат Неталиева, қосымша білім беру педагогі Медет Нәсіпқалиев және «Евразия» ТСК-нің нұсқаушысы Альберт Бармаков қазылық етті.

– Биылғы «Алтын дала» туриадасының ерекшелігі – жеңімпаз командаға ауыспалы кубок табысталады. Аудандардан келген барлық команданың дайындықтары жоғары деңгейде екені көрініп тұр. Соның ішінде Жәнібек, Бәйтерек, Бөрлі, Ақжайық аудандарын атап айтуға болады. Оқушыларға алдағы сайыстарда сәттілік тілеймін, – деді қазылар алқасының мүшесі Кәмшат Едрисқызы.

bdaaee77-cb74-48d3-afce-13c6d3a5ed9a

Сонымен, облыстық «Алтын дала» туриадасының нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша Жәнібек ауданының командасы ешкімге дес бермей, жүлделі  І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ II орынды Бәйтерек ауданының командасы иеленсе, Бөрлі ауданы ІІІ орынды місе тұтты.

Аманжол Исламғали, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале