21.02.2023, 15:55
Оқылды: 249

Жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Бүгін сағат 10:30 шамасында Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылы тұсындағы Самара-Шымкент тас жолының 241 шақырымында Toyota Alphard және Hyundai Santa Fe автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

WhatsApp Image 2023-02-21 at 15.43.09

Оқиға орнында 25 жастағы Toyota жолаушысы және 56 жастағы Hyundai жолаушысы көз жұмды.

Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар, яғни бес адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

WhatsApp Image 2023-02-21 at 15.43.09 (1)

Олар 1993 жылғы ер адам сол жақ иық сүйегінің, оң жақтағы 3,4,5 қабырғаның, оң жақ мықын сүйегінің жабық сынуыме түсті. Оң білектің екі сүйегі шығып кеткен. Политравма бөлімінің жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр.
1966 жылғы ер адамда бас пен мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы анықталып, нейрохирургияға жатқызылды
2001 жылғы ер адам сол жақ жамбас сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің жабық сынуымен политравмаға жатқызылды.
1991 жылғы әйел бас пен мидың жабық жарақатымен, миы шайқалуымен нейрохирургия бөліміне түсті.
Белгісіз әйел, шамамен 30 жаста. Миы соғылған. ІІ дәрежелі кома. Нейрохирургия бөлімінің жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале