4.03.2021, 19:59
Оқылды: 147

«Жаныңда жүр жақсы адам»

Коронавируспен күресте батысқазақстандық кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестік жетекшілері белсенділік танытып, өңір медицинасының дамуына қыруар қаржы аударған болатын. Індетпен күрестегі сын сәтте қолдау көрсеткен  жақсы-жайсаңдар апта басында, Алғыс айту күнінде Орал қаласындағы Достық үйінде марапатталды. «Жаныңда жүр жақсы адам» атауымен ұйымдастырылған аталмыш  шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысты.

 Жаныңда жүр жақсы адам

– Қадірлі жерлестер, баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты. Соның нәтижесінде Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Алғыс айту күні – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға еріксіз қоныс аударған этностардың қонақ­жай қазақ халқына көрсеткен тағзымының белгісі. Қазақ халқы мен сол кездегі  саясаттың зардабын тартып, депортацияланған түрлі этнос өкілдері қиын-қыстау заманда бір-біріне иық тіресіп, ауырпалықты қайыспай бірге еңсерді. Бұл күн – ортақ тарихты құрметтеу, ынтымақтастықты қолдау күні. Бүгінгі шараға  облыс аумағындағы этнобірлестіктердің жетекшілері, меценаттар келіп отыр.  Осы орайда сіздерге өңірдегі ұлттар арасындағы сүттей ұйыған татулық пен келісімнің  дамуына қосқан үлестеріңіз бен пандемиямен күресте қаржылық қолдау танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін, - деді жиынның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

Салтанатты шарада бір топ азамат «Қазақстан халқы ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында  Бөрлі аудандық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ануар Агаев, «Масис» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі, кәсіпкер Александр Матевосян, М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев, «Aqjaiyq» телеарнасының директоры Асланбек Ғұбашев бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале