16.11.2021, 13:00
Оқылды: 75

Жапонияда атом электр станциясында өрт шықты

Жапониядағы "Генкай" атом электр станциясының аумағында өрт шықты,-деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK арнасына сілтеме жасап.

photo_89758

Kyushu Electric Power компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, өрт бір сағат ішінде толығымен сөндірілген. Бұл ретте өрт энергоблоктар жұмысына әсер еткен жоқ.

Өрт "ауыр апаттарды жою нысанындағы" құрылыс алаңында шыққан. Онда лаңкестік жасалған жағдайда әрекет ететін авариялық басқару мұнарасы бар. Жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, радиоактив материалдар бөлінген жоқ, қоршаған ортаға және 3 және 4 энергоблок жұмыстарына өрт әсер еткен жоқ, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале