24.04.2022, 12:40
Оқылды: 109

Жапонияда көмек сұрап, белгі жолдаған круиздік кеме суға батып кетті

Кеме бортында 26 жолаушы, оның ішінде екі бала болған. Құтқарушылар тоғыз адамның табылғанын жария етті.
5f8cb2a4bbea4e02a086da6a533eca86
Сурет: pixabay

Құтқарушылар Жапония жағалауында "KAZU 1" круиздік кемесінің зардап шеккен тоғыз жолаушысын тапты, деп хабарлайды lenta.ru.

Бұған дейін елдің солтүстігінде Хоккайдо аралының жағалауынан жеті адам табылғаны туралы ақпарат келіп түскен, олардың бәрі ес-түссіз болған.

Жапонияның метерологиялық қызметінің ресми өкілі іздеу аймағындағы судың температурасы 5°C-тан аспайтынын ескертті.

Бұған дейін кеменің үш жолаушысын Сиретоко түбегінің жанындағы судан полиция ұшағы байқап, тапқаны хабарланған болатын, тағы бір адам жағалаудағы жартасқа іліне алыпты.

Кемеде барлығы 26 жолаушы болған, оның ішінде екі бала, сонымен қатар капитан мен матрос та бар.

23 сәуірде Жапонияның солтүстігінде "KAZU 1" круиздік кемесі құтқаруды сұрап, дабыл белгісін жолдап жатқаны хабарланған. Экипаждың барлық мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін киіп, көмек күткен. Оқиға орнына патрульдік кемелер мен ұшақтар жіберілді. Оқиғаның себептері әлі ашып айтылмады.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале