7.01.2024, 15:30
Оқылды: 192

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126 болды

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ден асты. Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

IMG-20240107-WA0055Фото: Euronews

Жапонияда 1 қаңтар күні елді дүр сілкіндірген жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күннен күнге артуда.

Сенбі күні билік 126 адамның қайтыс болғанын растады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанымен, құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын ескертеді.

Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған.

Оларды іздеуге ауа райының қолайсыздығы — қар мен төмен температура кедергі келтіріп отыр.

Билік жалғасып жатқан жерасты дүмпулерінен бүлінген кей жолдар толығымен опырылып қалуы мүмкін екенін айтады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале