10.02.2022, 12:30
Оқылды: 9

Жаппай ереуілді ұйымдастыруға атсалысқан қылмыстық топ басшылары ұсталды

Бірқатар қылмыстық топ басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Polisia.kz.

7392BB45-8029-4ED8-95B7-7FD138632BBB

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.

Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде ұсталғандардан мынадай қару-жарақ түрлері алынды: екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді.

Барлық ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале