15.07.2022, 20:07
Оқылды: 124

Жарайсың, Әлинұр!

"Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі! Сүйінші! Әлинұр Хамзин «Витебск-2022» халықаралық фестиваль аясындағы балалар байқауында жүлделі екінші орынды жеңіп алды!", - деп сүйінші хабар жеткізді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

IMG-20220715-WA0149

Беларусь Республикасы Витебск қаласында 13-ші шілде күні шымылдығын түрген Славян базары XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» балалар байқауы аясында өнер көрсетіп, мемлекетіміздің намысын қорғаған Әлинұр Хамзин қазылар алқасының шешімімен жүлделі орыннан көрінді.

Конкурстың бірінші күні Әлинұр Хамзин Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін орындады. Қазылар алқасы жерлесіміздің өнеріне ең жоғары – 70 ұпай берді. Ал, екінші күні ол Уильям «Смоки» Робинсонның «Who'sLovin'You» әнін шырқап, 68 ұпай еншіледі. Осылайша, жас әнші жалпы 138 ұпай жинап, лауреат атанды.

IMG-20220715-WA0150

Ауқымы кең халықаралық фестивальге 24 елдің өкілі қатысуда.

Айта кетейік, аталған халықаралық өнер додасында қазақстандық әншілер жыл сайын, нақтырақ айтқанда, 20 жыл бойы фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, Димаш Құдайберген – 2015 жылы, Әділхан Макин – 2019 жылы, Рухия Байдүкенова 2021 жылы бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) жүлдегер атанған еді.

Барша Қазақ Елін, мерейімізді тасытқан өнер жеңісімен құттықтаймын!, - деп ақжарма тілегін жазды вице-министр.

Фото Н.Дәуешовтың жеке парақшасынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале