22.09.2022, 10:30
Оқылды: 99

Жарайсың, Марлен!

Биыл ақпан айында алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «АЛАШТЫҢ АЗАТТЫҚ РУХЫ» атты халықаралық ақындар мүшәйрасы жарияланған болатын. «Қазақ үні» газеті, «Ai production» ЖШС және «Ақ жол» партиясы бұл байқауды тәуелсіздік пен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлын ұлықтау, әсем қала Алматының тарихи рөлін жырлау мақсатында ұйымдастырды. Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Қытайдағы қазақ ақындары да жырларын жолдаған мүшәйра Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 18 қыркүйек күні қорытындыланды. Нәтижесінде жас ақын, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Марлен Ғилымхан арнайы жүлдеге ие болды.

IMG-20220922-WA0017

Жалпы өлең бәйгесіне қатысқан 150 ақынның 17-сі жүлдеге іліккен. Мүшәйраға қабылданған үш өлеңнің біріншісі – ұлы мәртебелі Тәуелсіздік туралы. Екіншісі – Ахмет Байтұрсынұлы жайлы. Ал үшіншісі – Алматы қаласына арналған. Шайырлардың өлең-жырын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса, Парасат орденінің иегері, ақын Исраил Сапарбай және басқа да әдебиет қайраткерлері бағалады. Жыр тұлпары оза шапқандардың қатарында есімі елге белгілі Әлібек Шегебай, Алмас Ахметбекұлы, Абзал Бөкен, Сұраған Рахметұлы сынды танымал  ақындар бар.

"Орал өңірі" газетінің редакциясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале