23.05.2022, 9:00
Оқылды: 103

«Жарқын болашақ – жасыл мектеп»

Осындай атаумен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде акция ұйымдастырылды. Акцияға мектеп-лицейдің «Бәйтерек» әкелер клубы, «Мейірім» аналар клубы, «Ғибрат» әжелер клубы, «Ұлағат» аталар клубының мүшелері және «Жас эколог» еріктілері қатысып, ағаш егуге атсалысты.

68813de5-49d9-44f6-b9dc-b906f9d9445e

– 27 сәуір күні  «ЕcoBatys» әлеуметтік жобасы шеңберінде экологиялық бастамаларды іске асыру» тақырыбы бойынша гранттық байқау өтті. Оқушылардың көркем шығармашылығын дамыту, мектеп жанындағы аумақты көгалдандыру, нысандарды сәндік безендірудегі заманауи бағыттарды көрсету мақсатында өткен «Жасыл мектеп» байқауына біздің мектеп те қатысып, бірінші орынды ие­ленді. Ұйымдастырушылар біздің мектепке 16 қарағай, 5 шетен (рябина), 5 арша (можжевельник) ағаштарын сыйға берді. Мектебіміздің қасында 4 гектар жер бар.

8d58db52-8979-4691-b970-8df0257af2c4

Сол жерге шие, алма, өрік ағаштары, гүлдер, аққайыңға қоса сыйға берілген ағаштарды да отырғыздық, – дейді №38 мектеп-лицейі директорының орынбасары Сәуле Талапқалиқызы.

394d8195-a214-4331-9b23-de2f454c05eb

Мектеп ауласын көгалдандыруға атсалысқан оқушылар ата-аналарымен бірге ағаштарды баптап, суарып  тұрмақ.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале