20.08.2021, 10:33
Оқылды: 293

Жарқынбек – Тәуелсіздік құрдасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік құрдастары» жобасы оздырылды. Кездесу Теректі аудандық білім беру бөлімінің facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өтті.

IMG-20210812-WA0063

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, ақын Жарқынбек Шынтаев жобаның қонағы болды. Сұхбат барысында қонақ жоба ұйымдастырушысы Үміткер Орынғалиев пен көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Жарқынбек Шынтаев сөзін арнаумен бастап, жастар арасында кеңінен таралған төл туындысы «Сағынса жүрек» әнін шырқады.

– Қызылорда облысының Қазалы ауданының тумасымын. Ата-әжем қазақы тәрбиемен өсірді. Қазіргі таңда Бөрлі ауданында тұрамын, мәдени қызметкермін. Айтыс сахнасына Бөрлі колледжінде 3-курс оқып жүргенде шықтым. Содан бері жыр бәйгесінен қалмай келемін. Ай-
тыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші,  ақындық өнеріме қоса асабалық қызметім бар, ән айтып, актерлік шеберлігімді де шыңдап келемін. Студент кезімде «Жайдарманда» ойнадым. Қазір де әзілден құр алақан емеспін. Бөрлі аудандық демалыс орталығы жанынан құрылған «Мұрагер» театрында әртіспін. Сонымен қатар бау-бақша егіп, күтіп-баптағанды ұнатамын, - дейді айтыскер ақын.

Кеш қонағына Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұловтың алғысхаты табыс етілді.

 

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале