19.10.2022, 17:53
Оқылды: 63

Жас актерлер республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 11-13 қазан күндері «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауы қашықтан өтті.

29

Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың 17 қазан күні жарияланып, нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК «Радость» балалар саз театрының ұжымы (9 оқушы), Джанни Родаридың «Приключения Чиполлино» драмалық қойылымы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Малуша Оксана Михайловна. Аталған ұжымды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыстарыңыз мол болсын!

БҚО Білім басқарамасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале