4.06.2021, 10:13
Оқылды: 596

Жас экологтар сайысы

Таяуда «Батыс Қазақстан облысының  табиғат ескерткіштері»  атты  оқушылардың экологиялық экспедициясы  өткізілді. Оған аудандар мен Орал қаласынан 10 команда қатысты.  

63E2ED6F-6F1B-44A3-B654-9AD24A375F37

Байқау Google Docs және ZOOM платформаларында өтті. Экспедиция қатысушылары бағдарламаны толығымен орындады. Онда «Зияткерлік» кезеңі бойынша 30 тапсырманы шешу қамтылды. «Менің ауданымның табиғи көрікті жерлері» деп аталатын екінші кезеңде ерекше назар аударуға лайық табиғи нысандар туралы бейнероликтер байқауы болды. Нәтижесінде бірінші кезең бойынша 1-орынды Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы жеңіп алса, екінші, үшінші орындар Бөрлі, Тасқала аудандарына бұйырды. Екінші кезеңде де бәйтеректіліктер бірінші орынды иемденсе, Ақжайық ауданының жас туристері екінші, шыңғырлаулықтар үшінші орыннан көрінді. Сөйтіп, жалпыкомандалық сынақта тағы да Бәйтерек ауданының жас туристері үздік болса, Бөрлі мен Сырым аудандарының жас экология жанашырлары қалған жүлделі орындарға  тұрақтады.

 Нұрлыгүл Сұлтанова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале