29.04.2024, 17:00
Оқылды: 222

Жас кәсіпкерлерге арналған көмек

Жас кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік. Егер сіздің жасыңыз 21-35 жас аралығында болса, қайтарымды қаржылай көмек алуға болады.

WhatsApp Image 2024-04-29 at 17.15.11

1 мамырдан бастап ASSYLTAS BUSINESS HELP жобасына өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 000 000 теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Жоба жетекшісі Рауан Тұрлығазының айтуынша, кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынай алады.

«Бұл жоба көп жастарға үлкен мүмкіндік. Биыл екінші жыл қатарынан жас кәсіпкерлерді қолдауға ниет еттік. Бес бағыт бойынша үміткерлерге басымдық беріледі. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру, өндіріс, қазақ тілін дамыту жобалары, мобильді қосымшалар мен ұлттық өнер бойынша кәсібін домалатып жүргендерде артықшылық болады»,- деді Рауан Тұрлығазы.

Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады. Айта кетейік, былтыр осы жоба аясында 14 адам бизнесін дамытуға қаржылай көмек алған болатын.

Жоба туралы толық ақпарат: https://assyltas.kz/business-help/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале