22.11.2022, 14:30
Оқылды: 270

Жас өнерпазбен кездесу кеші өтті

Орал қаласының Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің «Тамыры терең тіл-тұғыр» тақырыбындағы апталығы аясында «Ер мен елге кемел тіл» тақырыбында Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі, облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, әнші-термеші, айтыскер ақын Әділ Ахметовпен кездесу кеші өтті.

 11

Мектеп-гимназия директорының орынбасары Айгүл Сағиоллақызы сөз сөйлеп, жас өнерпазға сәттілік тіледі.

Оқушыларға интерактивті тақтадан Ә.Ахметовтың балғын кезінен, «Алтын домбыра» иегері Жансая Мусинамен айтысынан үзінділер көрсетілді.

13

Кеш мейманы Әділ Ерікқалиұлы оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, домбырамен де, гитарамен де әндер орындады.

Мектеп оқушылары да Әділдің өлеңдерін жатқа оқып, игі тілектерін арнап, қолтаңба алды.

Оқушылар Әділге сурет тапсырмаларын жасырып, кеш иесі табанасты өлең шығара білді.

Кездесу кеші «Әділ – әнші», «Әділ – айтыскер», «Әділ – жазба ақын», «Әділ – термеші», «Әділ – күйші», «Әділ – сазгер» өнер жиынтығы негінде «Жігітке жетпіс өнер де аз» рефлексиясымен түйінделді.

12

Кездесу қорытындысында бірлестік жетекшісі Гүлгүл Мұханғалиева сөз сөйлеп, естелік сыйлық пен алғысхат табыс етті.

Гүлзира Қуанғалиева,

мұғалім

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале