24.05.2022, 21:21
Оқылды: 100

Жас термешілер додаға түсті

Оралда «Өнерімнің биігі – жыр-терме» атты жас термешілер байқауы өтті. Оған 14-18 және 19-29 жас аралығындағы өнерлі жастар қатысып, бақтарын сынады. 

IMG-20220524-WA0041

Өнер байқауын Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында өткен байқауда бағын сынаған үміткерлер екі термеден орындады.

IMG-20220524-WA0044

Ережеге сай бірінші терме Батыс мақамының стилінде орындалса, екіншісі еркін тақырыпта болды.

IMG-20220524-WA0043

Өнер сайысының нәтижесінде 14-18 жас ерекшелігі бойынша Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Лаура Маликова мен Сырым ауданынан келген Ерасыл Өміржан «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды.

IMG-20220524-WA0047

Жүлделі III орынды – аталған балалар музыка мектебінің оқушысы Темірлан Батырбек, II орынды – Орал қаласы №25 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сабина Джумагельдина иеленді. Ал Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Жасмина Палат жеңімпаз атанды.

IMG-20220524-WA0039

19-29 жас аралығындағы жас термешілер додасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Ұлпан Темірбек пен Бөрлі ауданынан келген Бектас Жұмағалиев «Көрермен көзайымы» атанды.

IMG-20220524-WA0045

Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Әділ Ахметов пен Гүлім Ізімғалиева үшінші және екінші орындарды өзара бөлісті. Бұл жастағы термешілердің арасынан өнерімен озық шыққан осы жоғары оқу орнының білім алушысы Рысты Елшинбекова жеңімпаз деп танылды.

IMG-20220524-WA0042

Байқау жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Топ жарып жеңімпаз атанған жастар еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласына жолдамаға ие болды.

Болатбек Сахиев,

«Ғасыр» жастар қоғамдық

бірлестігінің төрағасы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале