30.09.2021, 10:18
Оқылды: 384

Жас туристер топ жарды

21-22 қыркүйек күндері республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік экспедициялық жасақтардың слетін қашықтан өткізді. Басты мақсат – балалар мен жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру, саламатты өмір салтын насихаттау.

WhatsApp Image 2021-09-30 at 10.12.35

Слетке  республикамыздың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары атынан 17 команда (170 оқушы) қатысты. Командалық сайысқа қатысқандар үш блог негізінде «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхатын, туристік экспедициялық маршрутты таныстыру, өлкетану бағытындағы іздестіру-зерттеу жобаларын қорғау, экологиялық экспедициялар мен жорықта зардап шеккенге алғашқы дәрігерлік көмек беру дағдыларын көрсету бойынша  жұмыстарын сырттай қорғады.

Жалпыкомандалық есеп бойынша БҚО құрама командасы жүлделі І орынды жеңіп алды.

Команданың бірқатар жетістігін атап өтсек, «Экологиялық соқпақ» аталымында Ділназ Ерғали мен Наргиз Сағынбай  (Бәйтерек ауданы) озық шықты. «Бард» әндері байқауында Диас Бейсов (Жәнібек ауданы) ІІ орын, жорықта зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде Жаннат Кәкімғали  мен Мейрамбек Тұрмағамбет (Орал қаласы) ІІІ орынды иеленді. Айта кетейік, облыстың құрама командасы бірнеше жыл (2015, 2016,2017, 2019, 2020, 2021) бойы жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

 

Н. Ғаппар,

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале