11.01.2022, 11:47
Оқылды: 36

«Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімі ұзартылып, еңбекақысы көбейтіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін ұзартып, еңбекақысын көбейту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17

«Жұмыссыздық деңгейін түсіруге ерекше назар аудару керек. Әсіресе жастар арасында. Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері, әсіресе, білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Мұны біз жақсы білеміз. Кездейсоқ нәпақамен күн көріп жүр. Кейбіреулері табыс іздеп жүріп заңннан аттап кетуі мүмкін», - деген Мемлекет басшысы жастардың бастамаларына қолдау білдірудің жаңа тетіктері керек екенін атады.

«Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын.

Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік басталамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды», - деді Президент.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.

Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын мәлім еткен.

Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.

«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», -деген Мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале