15.09.2021, 9:53
Оқылды: 109

Жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба

Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба.

241820271_4183278021795598_7414951039141253989_n

Аталған жоба аясында 2019 жылы 300 жас азамат іріктеп алынып, соның ішінде 186 маман әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазым бойынша қызметке орналасты.

Мемлекет басшысы алғашқы тәжірибенің тиімді жақтарын ескере отырып, жас кадрлар резервіне қатысты бастаманы жалғастыру туралы шешім қабылдағаны белгілі.

242043524_4183280461795354_2214568535654462570_n

Осы орайда жобаға қатысуға құжат қабылдау жүріп жатқанын айта кету керек. Жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді меңгерген әрбір жас азамат қатыса алады.

Іріктеу қорытындысы бойынша биыл 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне алынады.

241879694_4183280481795352_5810256836843907918_n

Барлық қажетті ақпаратпен pkrezerv.kz сайтынан танысуға болады.

Ел ертеңі үшін қызмет етем деген жастарды осы жобаға қатысуға шақырамыз!

 

Берік Уәли,

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале