4.01.2022, 15:50
Оқылды: 106

Жастармен жүздесу жалғасын табуда

Орайлы істердің ордасына айналған “Орал жастары” Серебряков және Круглоозерный ЖОББМ жоғары сынып оқушыларымен жүздесті.

A3299286-EBDC-41E6-BEE0-EC052382EA9F

Келелі кездесуде жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндары түсіндірілді. Теолог маман Әсет Раманқұлов жастарға білім алып, рухани кемелдену қажеттігін баса айтты.

Орталықтың қос қызметкері Сымбат Қыпшақбай мен Айгерім Өмірбекқызы атқарылған қоғамдық жұмыстар мен қайырымды істер туралы баяндады.

5BA48242-C238-4B8A-9D18-1C002B96BBFC

Орталық қызметкерлері жас өрендерге білім көкжиегінде жарқырай көрініп, ел игілігі жолында қызмет атқаратын азаматтар қатарынан болуға тілек білдірді.

Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале